Тұран ауданы әкімінің аппараты мен Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Аула чемпионаты – 2025» табысты ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Жарыстың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау және салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.
Чемпионат барысында қатысушылар бес түрлі спорт түрінен бақ сынады. Жарысқа қатысқан балалар белсенділік танытып, өздерінің шеберліктері мен командалық рухын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.
Мұндай спорттық іс-шаралар жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға, ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға зор ықпал етеді.