“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Президентіміздің бастамасымен елімізде өткізіліп жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына Тұран ауданы әкімі аппараты белсенді түрде атсалысуда.

Акция аясында әр сенбі сайын аудан аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Тазалық іс-шараларына аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, коммуналдық мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен еріктілер қатысып, көшелер мен аулаларды тазарту жұмыстарына өз үлестерін қосуда.

Басты мақсат – ауданның тазалығын сақтау, табиғатты қорғау және тұрғындарды таза әрі ұқыпты болуға шақыру.

Тазалық – баршамыздың ортақ ісі.