Бүгін Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы жауапты бөлім басшыларымен бірге ауданға қарасты елді мекендерді аралап, санитарлық тазалықтың жай-күйімен танысты.
Аралау барысында бірқатар аумақтарда бейберекет тасталған тұрмыстық қалдықтар анықталып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.
Аудан басшысы тазалық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!
Аудан аумағында рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау фактілері жиілеп отыр.
Осыған байланысты ескертеміз:
Белгіленбеген орындарға тұрмыстық немесе құрылыс қалдықтарын төгу – заңмен тыйым салынған.
Полиция департаменті тарапынан заң жүзінде шара көрілетін болады.
Айта кетейік,
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 505-бабына сәйкес, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бүлдіру немесе жасыл екпелерге зиян келтіру жағдайларында:
🔹 1-ші рет – ескерту немесе 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл салынады;
🔹 2-ші рет қайталанса – 30 АЕК (117 960 теңге) айыппұл салынады.