А2 тас жолының ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын 6 жолақты автомобиль жолын салу жоспарлануда. Бұл жоба көлік қозғалысын реттеп, тұрғындар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз қатынау инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.
Аудан әкімі Берік Айдарұлы мердігер мекеме басшыларымен және Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жауапты мамандарымен бірге нысанда болып, құрылыс барысын қадағалады. Әкім жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына, инженерлік талаптардың сақталуына және белгіленген мерзімде аяқталуына ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, Берік Айдарұлы мердігер мекемеге жұмыстарды сапалы әрі уақтылы орындау жөнінде нақты тапсырмалар беріп, қала тұрғындарының жайлылығы үшін жол инфрақұрылымын жақсарту маңызды екенін атап өтті.