Тұран ауданы әкімі аппаратының басшысы Б. Халмурзаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен қызметтік әдеп нормаларына арналған жиын өтті.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы кеңінен айтылды.
Мемлекеттік қызметшілердің «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңында көзделген ойын мекемелерінде немесе интернет арқылы ұйымдастырылатын құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тыйым салынған. Осы шектеулерді сақтау бойынша алдын алу шаралары күшейтілді.
Қызметшілердің қоғамдық орындарда немесе көлік құралын басқару кезінде алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға қарсы профилактикалық шаралар қабылдануда.
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайларына тұрақты мониторинг жүргізіліп, қызметтік әдеп нормалары бұзылған жағдайда тиісті тәртіптік шаралар қарастырылады.
Қызметтік әдепті бұзу немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасаған фактілерге талдау жүргізіліп, құқықбұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталып, алдын алу шаралары қабылдануда.
Мемлекеттік қызметшілерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда тиісті органдар тарапынан шаралар қабылдануда.
Аталған іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ қоғам сенімін нығайтуға бағытталған.