ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫ

Бүгін Тұран ауданы әкімінің орынбасары Асылжан Дәулетханұлы аудан тұрғындарын қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтар тарапынан кәсіпкерлік нысандарының заңдылығы, көшелерге асфальт жабындысын төсеу, санитарлық тазалық жұмыстары және өзге де өзекті мәселелер көтерілді.

Әрбір өтініш бойынша хаттама толтырылып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімінің жеке қабылдауы әр аптаның бейсенбі күні сағат 09:30-дан 12:00-ге дейін өткізіледі.
📍 Мекенжай: Тәуке хан көшесі, 6