ТҰРАН АУДАНЫНДА ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҰРАН АУДАНЫНДА ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қарттар күніне арналған «Қарттарым – алтын қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті. 💐

Ардақты қарттарымызға сыйлықтар табысталып, арнайы жайылған дастарқаннан дәм ұсынылды. Сонымен қатар, концерттік қойылымдар ұйымдастырылып, қарияларымыз әсем ән мен тәтті күй тыңдап, қуанышқа бөленді. 🎶

Бұл шараның басты мақсаты – асыл қазынамыз болған қарияларға ізет көрсетіп, жүректеріне жылылық пен шаттық сыйлау.