ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІ БЕРІК АЙДАРҰЛЫ СҮЛЕЙМЕНОВ КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІ БЕРІК АЙДАРҰЛЫ СҮЛЕЙМЕНОВ КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы Сүлейменов көшесінің тұрғындарымен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, жол сапасы, ирригациялық жүйелердің тиімді жұмыс істеуі және интернет желісінің қолжетімділігі мен тұрақтылығы сөз болды. Тұрғындар өз ұсыныс-тілектерін еркін жеткізіп, нақты шешімдер күтетіні байқалды.

Берік Айдарұлы тұрғындар көтерген әрбір мәселені мұқият тыңдап, оларды шешу бағытында тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілетінін айтты. Сондай-ақ, мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін, бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылатынын атап өтті.