Қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері бойынша жүргізілген рейдтік іс-шара барысында кейбір тұрғындардың жеке үй аулаларында және оларға тиесілі емес аумақтарда құрылыс материалдарын (құм, тас және т.б.) және тұрмыстық қоқыстарды бейберекет орналастырғаны анықталды.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес ескертулер беріліп, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Барша қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға, қаланы абаттандыру қағидаларын қатаң ұстануға шақырамыз.