Тұран ауданында абаттандыру жұмыстары жалғасуда! 🌿

Тұран ауданында абаттандыру жұмыстары жалғасуда! 🌿

Аудан аумағында экологиялық ахуалды жақсартып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында гүлзарлар мен көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағытта жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Гүлзарлар – қала көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың көңіл күйіне де оң әсер етеді. Сондықтан әрбір көшенің көркейіп, жасыл желекке орануы – басты міндеттердің бірі.