БЕРІК АЙДАРҰЛЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

БЕРІК АЙДАРҰЛЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Берік Айдарұлы тұрғындармен жоспарлы кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері, инфрақұрылым, абаттандыру, жол жөндеу, жарықтандыру және өзге де маңызды салалар бойынша өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалды.

Әрбір тұрғынның көтерген мәселесіне жіті назар аударып, нақты жауаптар берді. Бірқатар мәселелер бойынша тиісті бқлім басшылары мен мекемелерге тапсырмалар жүктеліп, кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапты.

✅ Мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.