Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Тойшыбекқызы Оспанова «Үздік сабақ-2020» онлайн байқауының бас жүлдесіне ие болды.

Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Тойшыбекқызы Оспанова «Үздік сабақ-2020» онлайн байқауының бас жүлдесіне ие болды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Үздік сабақ-2020» онлайн байқауы өткен болатын.

Байқау ережесінің талаптары бойынша 38 қатысушының жұмыстары қаралып, үздік деп танылған 8 жұмыс межеге шықты.
Сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша танылған қатысушылардың сабақ жоспарлары жүлделі орындарға ұсынылды.

Бас жүлдеге Шымкент қаласындағы Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Тойшыбекқызы Оспанованың жұмысы лайықты деп танылды.

Сабақтың мақсаты айқын, оқытушы сабаққа Smart мақсат қоя білген. Сабақ жоспары заманауи технологияларға құрылған. Қазақ тілін үйретуге арналған барлық онлайн платформалар, сайттар пайдаланылған. Нәтижеге бағытталған әдістер қолданылған. Сабақ барысында жаңашыл әдістерден топқа бөлу әдісі, болжау стратегиясы, табысты баспалдақ әдісі, STEAM жүйесі бойынша Quіzlet, Thinglink, Padlet, Slido жаңашыл онлайн бағдарламалары шебер қолданылған. Сөйлеу әрекетінің барлық түріне қызықты жаттығулар берілген.

Тілдерді Оқыту-Әдістемелік Орталығының  оқытушысы Оспанова Айсұлу Тойшыбекқызын марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Жеңісіңіз құтты болсын дейміз.
#Құттықтаймыз👏