АРБАТТА ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ!

АРБАТТА ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ!

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осыған орай “Арбат” алаңында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жазылар естеліктер мен туралы...» атты поэзия кеші өтті.

 

Іс-шарада ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды, қуыршақтар композициясы көрермен назарына тарту етілді. Қала тұрғындары мен қонақтары тамашалап, әндерін жырға қосты.

 

Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған Мақатаевтың өлеңдерін білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә?! Әдебиет саласына ғұмырын арнаған Мақатаевтың мыңнан аса өлеңі жарық көрген. Бүгінгі ұрпақ ақынын ұмытпай, өнерін ұлықтай бермек!

 

Құрметті Шымкентіктер! Сіздерді бүгін 9 ақпан 18.30 да Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ- драма театрында М.Мақатаевтің шығармалары желісі бойынша құрылған “Мұқағали” монодрамасына шақырамыз!