21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні!

21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ!

Төл мерекеміз – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.

Сіздердің еңбектеріңіз қашанда халықтың көз алдында, елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, ондағы ең асылды көре білесіздер, адамдарға мереке және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайсыздар.

Қымбатты достар! Біздің тұ­рақты шығармашылық іздені­сі­міз алдағы уақытта да Қазақстанның ең үздік мәдени дәстүрлерін сақ­тау мен да­мытуға бағыт­тала­тынына сенімдімін! Баршаңызға мәдениет пен өнерге қызмет ету жолында зор денсаулық, шабыт, жаңа шы­ғармашылық та­быс­тар тілеймін!

Ізгі тілекпен: Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев