Хабарландыру

Хабарландыру

2022 жылы «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша Шымкент қаласына 449 отбасына (көпбалалы отбасылар – 195, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 35, толық емес отбасылар – 219) лимит бөлінді.  Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру ағымдағы жылдың  20 маусымнан  18 шілде аралығында  «Отбасы банк» «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ –ның интернет-ресурсы арқылы  жүзеге асырылуда.

 Тұрғын үй сертификаты - ипотекалық бағдарлама және тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны болып табылады.

«Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің                          2019 жылғы 20 маусымдағы №417 бұйрығына сәйкес, тұрғын үй сертификаттарын беру тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде                          500 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланған.

Қағидада тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған келесі санаттарға тұрғын үй сертификаттарын беру көзделген:

  • мүгедек  балалары  бар  немесе  мүгедек  балаларды  тәрбиелеп  отырған          

  отбасылар;

  • «Алтын алқа», «Күміс алқа»  алқаларымен  наградталған   немесе  бұрын

«Батыр ана»  атағын  алған,  сондай-ақ I  және  II дәрежелі  «Ана  даңқы»

ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

  • толық емес отбасылар;
  • Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер.

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесінде ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022жылға-37 389 теңге) соңғы 6 ай ішінде орташа табысы (115 906 теңге) болған жағдайда беріледі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).

Банктің тұрғын үй сатып алу үшін  ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы хаты болған жағдайда, қағида талаптарына сәйкес,  тұрғын үй сертификаттары «тұрғын үй сертификаттарын беру туралы» хабарландыру жарияланғаннан кейін беріледі.

11.07.2022 жылы барлық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде ағымдағы жылға тұрғын үй сертификаттарын беру туралы хабарландыру жарияланып, тұрғын үй сертификатын алуға өтінімдер 13.07.2022 жылдан бастап  «kezekte.kz» сайты арқылы электронды түрде қабылдануда.