Сыртқы жарнама

Сыртқы жарнама

Аудан әкімдіктермен бірлесе жыл басынан бері қала аумағында орналасқан 2000-ға жуық коммерциялық және кәсіпкерлік нысандардағы жарнама және басқа да көрнекі ақпараттың «ҚР Тіл туралы» Заңына сай жазылуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Заң талаптары көрсетілген арнайы брошюралар таратылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 

2022 жылғы 31 мамырдағы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілген жоспарға сәйкес этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарда «ҚР тіл туралы» Заңы  талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстарын жүргізудің кестесіне сәйкес ағымдағы жылы 15 маусымда Абдулабад тұрғын алабында 10 нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, олардың ішінде 4 нысан қолданыстағы заңдылықтарды сақтамағандығы анықталды.

24 маусымда Базарқақпа тұрғын алабында 18 нысанға зерделеу жүргізіліп, олардың 7-еуі қолданыстағы заңдарға сәйкес еместігі анықталды.

29 маусымда Бозарық тұрғын алабында  35 нысанға зерделеу жүргізіліп, олардың 15-сі қолданыстағы заңдарға сәйкес еместігі анықталды.  

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес «Сәтті жарнама» акциясы негізінде сауда объектілерде «ҚР тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желілерде жарияланды. https://www.facebook.com/100029194183447/posts/pfbid02Sv9Jdzc9SGaZU5iFjdAF8tYmKGoAubWEs94RSHgX3UMgg2ytXiLPQtdjxujr3DvYl/?app=fbl https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=134669355879591&id=100080095804416 https://www.instagram.com/p/Ce03T-At4ae/?igshid=YmMyMTA2M2Y https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0a7eVJYho5FB9MAP2X1ZWPeFgeonsqinJWCNq6C14W1YdCkyGGQkEEHwC2wjjctFjl&id=100080095804416 https://www.instagram.com/p/CfNomDRoGRO/?igshid=YmMyMTA2M2Y