Қалалық мәдениет нысандарының көлік жүргізушілері көмекке даяр

Қалалық мәдениет нысандарының көлік жүргізушілері көмекке даяр

Қалалық мәдениет нысандарының көлік жүргізушілері көмекке даяр

“Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер” басқармасына қарасты мекемелердің көлік жүргізушілері қазіргі эпидахуалдың жақсартылуына өз үлестерін қосуға ниетті. Карантиндік талаптарға сай іс-шаралардың басым бөлігін онлайн форматқа ауыстырған мәдениет мекемелердің 9 қызметтік көлігі қажеттілігі жоғарылай түскен денсаулық саласына уақытша қызмет көрсетеді. Сұранысқа сай, қала тұрғындарынан ПТР анализ алуға, емханаларға жеткізуге, және өзге де қажетті қызмет үшін ақ халатты абзал жандарға қолқабыс болады.

Барлық жүргізушілер екпе алған, және басқа да қауіпсіздік талаптарын орындауы ерекше назарда. Ел игілігіне қызмет көрсететін көліктер де арнайы техникалық бақылаудан өтті.