"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" ҚР Заңының 21-бабына сәйкес бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.

⚜ Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс.

⚜ Алайда, шағын және орта бизнестің өкілдері осы Заңда белгіленген көрнекі ақпаратта тілді пайдалану тәртібін сақтамайтыны байқалады. Осы мәселе бойынша бізге тұрғындардан хаттар, өтініштер келіп түседі, кейде назар аударуды сұрап әлеуметік желілерде посттар жазады. Соңғы уақытта маған Direct-ке де жазады.

⚜ Осыған байланысты, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы арнайы Call Center жасақтады. Онда сіздер жоғарыда көрсетілген тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жүгіне аласыздар. Сіздердің өтініштеріңіз міндетті түрде жұмысқа қабылданады.

⚜ Сонымен қатар, басқарма апта сайын рейд жүргізетінін атап өткім келеді. Біздің қызметкерлеріміз Сайрам, Нұртас, Жаңаталап, Базарқақпа тұрғын алаптарында, Таукехан, Момышұлы даңғылдарында, Жангелдин, Байтұрсынов және т.б. көшелерде заң бұзушылықтарды анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.