ӨЗБЕК ТЕАТРЫНЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

ӨЗБЕК ТЕАТРЫНЫҢ  ҚОЙЫЛЫМЫ ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

ӨЗБЕК ТЕАТРЫНЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Қала күніне орай қалалық өзбек драма театрында Григорий Гориннің «Герострат» трагикомедиясы өтті. Қойылымда режиссер қоғамның түйткілді мәселелеріне жауап табуға тырысқан.

Трагикомедияда парасат пен зұлымдық, әділдік пен сатқындық, шындық пен жалғанның тартысы көрсетілді. Қоюшы режиссердің мақсаты да осы қойылымы арқылы әр адам өз бойындағы кейбір қасиетін кейіпкер бойынан кезіктіруіне ықпал ету, ойлануға түрткі болу болған.

Қойылымды зиялы қауым, мектеп оқушылары, театр ұжымдары тамашалады.