ШЫМКЕНТТІҢ ОПЕРА ӘНШІЛЕРІ ӘЛЕМДІК МАЭСТРОЛАРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

ШЫМКЕНТТІҢ ОПЕРА ӘНШІЛЕРІ ӘЛЕМДІК МАЭСТРОЛАРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

ШЫМКЕНТТІҢ ОПЕРА ӘНШІЛЕРІ ӘЛЕМДІК МАЭСТРОЛАРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

Шымкент қаласындағы мәдени ордалардың бірі саналатын Шымкент қалалық опера және балет театры жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Театрды мегаполистің мәдени көрікті орындарының бірі ретінде келушілерге жоғары сапалы өнер ұсынатын, әрі ең белгілі мәдени орындардың біріне айналдыру мақсатында әлемдік деңгейдегі қойылымдар қойылмақ.

Бұл туралы бүгін қалалық опера және балет театры директорының міндетін атқарушы Майра Мухамедқызы БАҚ өкілдеріне берген брифинг кезінде баяндады.

- Алдағы уақытта театрдың шығармашылақ ұжымымен шет мемлекеттерге, еліміздің қалаларына гастрольдік іссапарлар, турне, шығармашылық байланыстар ұйымдастыру көзделуде. Әртістердің кәсіби біліктілігін арттырып, курстарға жіберіп, шығармашалықтарын шыңдау мақсатында жұмыстар атқарылатын болады. Сонымен қатар, Италия мемлекетіндегі әлемге әйгілі үлкен Карло Феличе опера театрының директоры, маэстро Джузеппе Аквавивомен шығармашылық, әріптестік байланыс орнатып, еліміздегі үшінші опера және балет театрының мәртебесін әлемдік деңгейге жеткізу, таныту басты мақсат болып отыр, - деді спикер.
-
Онымен қоса, опера және балет өнерін жаңғырту мақсатында эксперт ретінде Италия мемлекеті Милан қаласынан опера әншісі, тенор, опера орындаушалар маэстросы, ән айту техникасының профессоры, Италия опера мектебінің негізін қалаушы Анатолий Алексеевич Гусев арнайы шақырылған. Бүгінде Анатолий Гусевтің қатысуымен театр әртістерінен ішінара тыңдалым жүргізіп, шеберлік сағаттары өткізілген.

Бұл жылы театр ұжымы 76 қойылым мен концерттік бағдарлама, фестивальдер жоспарлап отыр. Оның ішінде бір жаңа қойылым ретінде жас, дарынды композитор Тасқын Жармұхамедтің «Домалақ ана» қойылымы сахналанады.