
Шымкент мәдениеті: 11 айдағы нақты нәтижелер қорытындыланды
Бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев 2025 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Есепті кезеңде Шымкент қаласында 2500-ден астам мәдени-көпшілік және ресми іс-шара ұйымдастырылды.
Оның ішінде:
▫️ 18 республикалық,
▫️ 4 халықаралық,
▫️ 70-тен астам өңірлік деңгейдегі мемлекеттік мерекелер мен мерейтойлық іс-шаралар, фестивальдер, байқаулар, конференциялар мен форумдар өткен.
Түркістан және Қызғалдақ сарайларында 100-ге жуық ірі концерт пен қойылым ұйымдастырылып, бұл іс-шаралар 1 миллион 900 мыңнан астам көрерменді қамтыды.
Жыл басынан бері қалада ұлттық мәдени мұраны насихаттауға ерекше көңіл бөлініп, айтыстар, жыр-терме кештері, қолөнер шеберлері мен суретшілер симпозиумдары өткізілді. Сонымен қатар жас өнерпаздарды қолдауға бағытталған жобалар мен мемлекеттік мерекелерге арналған мазмұнды мәдени бағдарламалар жүзеге асырылған.