
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында А. Пушкин атындағы қалалық кітапханада «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты қалалық байқаудың қорытынды шарасы өтті.
Байқауға квазимемлекеттік сектор өкілдері, жарнама мәтінін әзірлейтін кәсіпкерлер мен жарнама агенттіктерінің мамандары, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер, сондай-ақ заң талаптарына сай келмейтін жарнамаларды анықтап, түзетуге үлес қосып жүрген азаматтар қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
Бас жүлде – «Janym Soul» караоке клубы;
І орын – «Ақ-Қара Полиграфсистем» жарнама агенттігі;
ІІ орын – «KASIET» фитнес клубы және «Biik» жарнама агенттігі;
ІІІ орын – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өңірлік маркетинг бөлімі және «Innoforce Media» ЖШС.
Сонымен қатар, белсенді қатысқандары үшін «BESKUDUK TAS» natural stone company, «Aisultan Group» ЖШС, «Shymkent-Reklama» және «Grace.kz» жарнама агенттіктері алғыс хаттармен марапатталды.
Байқау қорытындысында үздік деп танылған 10 қатысушыға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.