Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, мекенжайы: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 14.
Директор лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Жұмыс өтілі: республикалық, облыстық маңызы бар, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кітапханалары үшін:
мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес.
Кәсіби құзырлығы: Конституцияны; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; кітапхана ісінің теориясы мен практикасын, отандық және шетел кітапханаларының жұмыс тәжірибесін;ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
Кәсіби білім мен дағдысы: ұжымды басқара білу, жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тәжірибесі.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің ақпараттық ресми сайтта конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады (28.10.-05.11.2025 жылғы
сағат 19:00-ге дейін қоса етептегенде).
Құжаттар тізімі:
3) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда;
4) жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Қатысушы үміткер өзінің қосымша: білімі, еңбек тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру жөніндегі құжаттардың көшірмесі, ғылыми дәрежесі, атағы ғылыми еңбегі, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным хат) тапсыруына болады.
Конкурсқа мынадай үміткерлер қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Құжаттар мына мекен жайға жіберілуі тиіс: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 14, «Түркістан сарайы» ғимараты 3 қабат №306 кабинет (демалыс және мереке күндері эл.пошта арқылы қабылданады), эл.пошта: shymkent_madeniet@mail.kz
Анықтама телефоны: 8 (7252) 77-63-40, 8 707 700 31 32.
|
|
Мемлекеттік кәсіпорынның |
|
|
Нысан |
|
|
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы
|
Конкурсқа қатысуға өтініш
Мені, ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_________________________________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
кәсіпорнының басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Менің дербес деректерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан жинауға және өңдеуге өз келісімімді білдіремін.
Ұсынылған құжаттардың анықтығын растаймын және көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік аламын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекен-жай _______________________________________________________
Байланыс телефондары _____________________________________________
e-mail: ___________________________________________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________
___________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "____" _______________