
Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен, ұлттық асханамыздың бай мұрасын дәріптеген тағылымы терең фестиваль өтті.
Фестивальге қатысушылар үлпершек, өрметөс,құрт көже сияқты ұлттық тағамдардың әзірлену жолын көрсетіп, олардың дәстүрлік мәнімен таныстырды.
Шара барысында ұлттық асханамызға сай күбі пісу, май шайқау, келі түю, жүгері мен бидай қуыру, талқан жасау сынды көне ас әзірлеу әдістері көрсетіліп, шеберлік сағаттары өткізілді.
Сонымен қатар фестивальге келген қонақтар ұлттық тағамдар жәрмеңкесі қатысып, қазақтың дархан дастарқанынан дәм татып, этно-мәдени қойылымдарды тамашалады.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, шетелдік қонақтар және қала тұрғындары қатысып, ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, қазақ халқының қонақжай дәстүрін сезінді.
“Дән мен дәм Fest” – ата-бабамыздан жеткен ас әзірлеу дәстүрін жаңғыртып, халқымыздың бірлігі мен берекесін паш еткен, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған рухани мәні зор мереке ретінде аталып өтті.