Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін, дәстүр мен руханияттың алтын арқауына айналған «Асыл мұра» республикалық дәстүрлі өнер фестиваліне шақырамыз!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін, дәстүр мен руханияттың алтын арқауына айналған «Асыл мұра» республикалық дәстүрлі өнер фестиваліне шақырамыз!

Қазақтың байтақ мәдени қазынасын, дәстүрлі өнердің бес тармағын – ән мен күйдің, жыр мен терменің, рухани мектептердің ғаламат үні мен тылсым қуатын сөйлететін өнер кеші 27 қыркүйек күні, сағат 15:00-де «Қызғалдақ» сарайында өтеді.

Өнер кешіне Қазақстанның Халық әртістері – Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков, Рамазан Стамғазиевпен қатар, елімізге белгілі мәдениет қайраткерлері, өнер майталмандары қатысады. Кеш аясында ұлттық күйлер мен дәстүрлі ән өнердің озық үлгілері ұсынылады.

Кеш жүргізушісі — алашқа танымал фольклортанушы ғалым, эпикалық жыршылық, орындаушылық үрдістің көрнекті өкілі, «Құрмет» орденінің иегері Берік Жүсіп.

Ұлттық өнеріміздің асыл қазынасынан сусындап, рухани серпіліс сыйлайтын бұл кештен қапы қалмаңыздар