Шымкент қаласының мәдениет мекемелері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікке белсенді қатысты

Шымкент қаласының мәдениет мекемелері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікке белсенді қатысты

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы шеңберінде жалпықалалық сенбілік өтті.

Шараға қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұжымы мен мәдениет мекемелерінің қызметкерлері белсене атсалысты.

 

Сенбілік Абай ауданына қарасты Нұршуақ шағынауданындағы Тұраркент және Жиренкөл көшелерінде және мәдениет мекемелері орналасқан аумақтарда ұйымдастырылды.

 

Тазалық шарасына 700-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде 411 қызметкер өздеріне қарасты мекеме аумағында жұмыс атқарды. Іс-шара барысында 5 техника бірлігі жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстары барысында қоқыстар арнайы орындарға жеткізіліп, арамшөптер мен қураған бұталар жиналды. Нәтижесінде жалпы 12 тонна қоқыс шығарылды, оның  6 тоннасы мекеме аумағынан жиналған.