23-24 тамыз күндері , Шымкент қаласының саябақтар мен гүлзарларында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Шым қала кештері» мерекелік концерттер шеруі ұйымдастырылды.
Ашық аспан астында өткен бұл концерттер қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.
23 тамыз күні өнер шеруі «Шым сити», «Қазақстан–Түркия достығы», «Металлургтер», «Абай» саябақтарында, сондай-ақ «Арбат» алаңы мен «Шәмші», «Нұрсәт-1» аллеяларында өтті.
Ал 24 тамызда мерекелік бағдарлама «Шым сити» және «Орталық» саябақтарында, сонымен қатар «Нұрсәт-3», 15 және 17-шағын аудандардағы аллеялар мен «Спутник» скверінде жалғасын тапты.
Аталған іс-шаралар қаладағы мәдени тыныс-тіршілікті жандандырып қана қоймай, Конституция күніне орай тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Концерттік бағдарламаларда қаламыздағы түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, көрермендер зор ықыласпен қабылдады.
Апта сайын тұрақты түрде өткізілетін «Шым қала кештері» жобасы бүгінде шымкенттіктердің сүйікті мәдени мерекесіне айналды. Бұл тек өнер кеші ғана емес, жоба қала тұрғындарының рухани өміріне серпін беріп, Шымкенттің мәдени келбетін айқындайтын игі дәстүрге айналып отыр.