
Шымкентте «Сәтті жарнама» акциясы өтті
2025 жылғы 3 сәуір күні Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен ірі сауда орындарында («Алаш», “Баян сұлу”, “ Mega Planet”) «Сәтті жарнама» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты-«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және көрнекі ақпарат пен жарнаманың мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуін қадағалау. Акцияның нәтиежесінде:
187 коммерциялық нысан тексерілді;
48 нысанға заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
Кәсіпкерлерге әдістемелік көмек ретінде брошюралар таратылды.
Аталған шараға бес аудан әкімдіктері мен Шымкент қаласында тіл заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.



