Меню
Страницы

ШЫМКЕНТТЕ «ШЫМКЕНТ ДУМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ!

ШЫМКЕНТТЕ «ШЫМКЕНТ ДУМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ!

ШЫМКЕНТТЕ «ШЫМКЕНТ ДУМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ!

Бүгін Шымкент қаласында «1 сәуір - Халықаралық күлкі күніне» орай және сатирик, қоғам қайраткері К. Әмірбектің 75 жылдығына арналған «ШЫМКЕНТ ДУМАН» әзіл-сықақ республикалық фестивалі шымылдығын түрді!

Фестивальдің мақсаты – сатира жанры мен осы сала әртістерінің қызметін дамыту.

Фестивальдің ашылуында қатысушылар қызыл кілеммен жүріп өтіп, өнерпаздарға дәстүр бойынша құрмет көрсетілді. Фестиваль аясында қазақ сатира өнерінің майталмандары Бауыржан Ибрагимов, Мұхтар Шерім, Берік Тұрсынбеков, Жұлдызай Дүйсенбиева бастаған қазылар алқасы қатысушыларды бағалап, ең мықтыны анықтайтын болады.

Фестивальге қатысушы театр ұжымдары Алматы қаласы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарынан келді.

Айта кету керек, фестиваль жеңімпаздары ертең сағат 19:00 – де “Тулип хол” ғимаратының концерт залында өтетін гала-концертте марапатталатын болады.

Социальные медиа
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты