Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу шарттары

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу шарттары

Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар тізілімге енгізу мақсатында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның» қарауына https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/884416?lang=kk ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.
Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе)  Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/884416?lang=kk көрсетілген, 2-қосымшадағы бекітілген нысандарға (форма) сәйкес басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.
Өтінім берілетін орын: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10, 13-қабат, №1307 кабинет.
Электрондық пошта мекенжайы: msb_shymkent@mail.ru
Байланыс телефондары: 8 (7252) 24-74-22, 24-75-14.
Құжаттарды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 1-нен 15-не дейін дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізуге арналған өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімге енгізудің артықшылықтары
Әлеуметтік кәсіпкерлерге аталған тізілімге енгізілгеннен кейін келесі мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
-инвестицияларға 1,5 млрд теңгеге дейін және айналым қаржыларын толықтыруға 500 млн теңгеге дейін 7% мөлшерлемемен жеңілдікті несиелендіру;
-5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар;
-қаржылай емес қолдау шаралары.