🔷Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес аппараттық жиналыста Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына тиесілі аумақтарды тазалау жұмыстарын қатаң бақылауға алу, субұрқақтарды ретке келтіру мәселелері талқыланды.
🔷Сонымен қатар жауапты мамандарға қала аумағындағы жасыл желектерге автоматты суару жүйесіне енгізу, «Таза Қазақстан» акциясы негізінде экологиялық іс-шаралар ұйымдастырып, ескерткіш граниттерін ретке келтіру бойынша бірқатар тапсырмалар мен ескертулер берілді.