Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директоры бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру.
1) Конкурс Шымкент қаласы, Түркістан көшесі 11а ғимаратында, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасында (prirodab@mail.kz) өткізіледі.
2) Конкурс жарияланған лауазымның атауы- А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директоры бос лауазымы.
3) Лауазымға ұсынылатын кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
- мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
- мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
4) Лауазымдық айлықақы мөлшері-122 994тг (еңбек өтіліміне байланысты)
5) Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі мен оны қабылдау орны: Хабарландыру жарияланған күннен кейн 15 күн. prirodab@mail.kz электронды почтаcы, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ғимараты, Түркістан көшесі 11а.
6) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1.Конкурсқа қатысуға өтініш;
2.Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3.Білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5.Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6.Ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7)Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1.Он сегіз жасқа толмаған;
2.Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.