Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директоры бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру.

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директоры бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру.

1) Конкурс Шымкент қаласы, Түркістан көшесі 11а ғимаратында, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасында (prirodab@mail.kz) өткізіледі.

2) Конкурс жарияланған лауазымның атауы- А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директоры бос лауазымы.

3) Лауазымға ұсынылатын кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

- мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

- мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

  1. Құқықтану, әлеуметтік ғылымдар (құқық, әлеуметтану, саясаттану), бизнес және басқару (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы, статистика, менеджмент), өсімдік шаруашылығы (агрономия, агроном – эколог, топырақтану және агрохимия), қызмет көрсету (геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім;
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Еңбек Кодексі», ҚР «Бюджет Кодексі», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, ҚР «Орман Кодексі», ҚР «Азаматтық кодексі», ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымбақтарын күтіп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, сақтау саласында қызмет атқаратын ұйым мен қызметін анықтайтын, ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек қорғау нормалары мен ережесін, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасы туралы біліуі тиіс.

4) Лауазымдық айлықақы мөлшері-122 994тг (еңбек өтіліміне байланысты)

5) Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі мен оны қабылдау орны: Хабарландыру жарияланған күннен кейн 15 күн. prirodab@mail.kz электронды почтаcы, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ғимараты, Түркістан көшесі 11а.

6) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1.Конкурсқа қатысуға өтініш;

2.Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3.Білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5.Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6.Ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

  1. Біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  2. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  3. Соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама;

7)Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

1.Он сегіз жасқа толмаған;

2.Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.