Қоғамдық көлік аялдамаларын жуу

Қоғамдық көлік аялдамаларын жуу

Абай ауданының аумағында қоғамдық көлік аялдамаларын жуу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Тазалық жұмыстарын сақтау мақсатында аудан аумағындағы аялдама павильондары арнайы техникамен жуылып, шаң-тозаң мен ластанудан тазартылуда.

Аталған жұмыстар тұрғындарға қолайлы әрі таза қоғамдық орта қалыптастыру және ауданның санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүйелі түрде жалғасуда.