«Шымкент сушар» МКҚК 2026 жылы 4600 гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін суаруды қамтамасыз етеді

«Шымкент сушар» МКҚК 2026 жылы 4600 гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін суаруды қамтамасыз етеді
Шымкент қаласы әкімдігінің Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (МКҚК) «Шымкент сушар» ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға су ресурстарын беру қызметін жүзеге асырады.
 
Ағымдағы 2026 жылы кәсіпорын ауқымды шарттық науқан жүргізді. Су беру бойынша келісімшарттар 520 шаруа қожалығымен, 4 заңды тұлғамен, сондай-ақ 4500 жеке қосалқы шаруашылық жер телімдерінің иелерімен жасалды. Ағымдағы вегетациялық кезеңде суаруға жоспарланған жерлердің жалпы көлемі 4600 гектарды құрайды.
 
Қазіргі уақытта МКҚК «Шымкент сушар» су беру маусымы аясында белсенді жұмыс жүргізуде. Науқанның басым міндеттері – суды үздіксіз және тұрақты беруді қамтамасыз ету, су ресурстарының шығынын барынша азайту және суару жүйелерінің тиімділігін арттыру.
 
Су беруді ұйымдастыру, каналдардың техникалық бақылауын жүргізу мақсатында арнайы кадрлар жұмылдырылды: учаске бастығы, 5 канал бригадирі және суды бөлу бойынша 23 бақылаушы-инспектор.
 
Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы 27 негізгі су бөлу торабы мен гидротехникалық құрылғыларды қамтиды. Су инфрақұрылымының барлық нысандары коммуналдық меншікте және Шымкент қаласының «Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» ММ балансында тұр.
 
Анықтамалық ақпарат: МКҚК «Шымкент сушар» су бөлу тораптарының өткізу қабілетінің көрсеткіштері
 
 
Гидротехникалық құрылғы / су қабылдағыш атауы
Резервтік қуат (м³)
Бос қуат (м³)
Қолжетімді қуат (м³)
1
Жаңа Сайрам су (Оң жағалау)
10
10
11
2
Оң жағалау Сайрам су 3
5
5
5,5
3
Шапырашты
2
2
2,3
4
Өтеміс
2
2
2,3
5
Қызыл су
0,6
0,6
0,8
6
Чинат
3,0
3,0
3,5
7
Чинат - 2
1,0
1,0
1,3
8
Сай ниже водопада
5,0
5,0
5,5
9
Мешіт
0,8
0,8
0,8
10
Құралас
1,0
1,0
1,2
11
Улух
2,0
2,0
2,3
12
Улух-2
1,0
1,0
1,2
13
Ханка
2,0
2,0
2,3
14
Көк
3,0
3,0
3,5
15
Темір
1,0
1,0
1,2
16
Чумчак
1,5
1,5
1,8
17
Шымкент
1,2
1,2
1,5
18
Янгибай
1,0
1,0
1,2
19
Текесу
0,6
0,6
0,6
20
Көкбұлақ
1,0
1,0
1,2
21
Қызылсеңгір
1,0
1,0
1,2
22
Гүлдіреуін 1
1,0
1,0
1,5
23
Гүлдіреуін 2
1,0
1,0
1,5
24
Гүлдіреуін 3
1,0
1,0
1,5
25
Сасық 1
1,0
1,0
1,3
26
БМК
3,0
3,0
3,5
27
Қосдиірмен
2,0
2,0
2,5
Ескерту: Көрсетілген нысандардың барлығы пайдалануға берілген және Шымкент қаласының «Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» ММ балансында тұр.