«Аскаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директоры лауазымына конкурс
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, «Асанбай Аскаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының «Асанбай Аскаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, Шымкент қаласы, Бәйдібек би көшесі, 101
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының А.Асқаров атындағы "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" МКҚК-ы. Кәсіпорын қызметінің мәні ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты ағаш және бұта өсімдіктерді қорғау, сақтау, молықтыру және пайдалану болып табылады.
Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: орман шаруашылығы (аңшылықтану және аң өсіру, орман ресурстары және орман өсіру), жаратылыс тану ғылымдары, математика және статистика (экология), бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару) және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі ұйымдарында, оның ішінде осы біліктілік сипаттамаларында немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көзделген мамандандырылған ұйымдарда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Білуге тиіс:
Заңдар:
Кәсіпорынның өндірістік технологиясын және қызмет көрсетуін, ұйымды басқарудың жаңа әдістерін, стратегиялық жоспарлау, экономикалық индикаторлар жүйесін, шаруашылық және қаржылық келісім-шарттарды жасасу тәртібі мен орындалуын, Кәсіпорынның экономикасын және қаржысын басқаруды, еңбек және өндірісті ұйымдастыруды, салалық келісімдерді, ұжымдық келісім-шарттарды әзірлеуді және жасасуды, әлеуметтік-еңбек қатынастарды реттеуді, еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі қажет.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттардың тізімі
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) белгіленген тәртіппен куәландырылған, білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) белгіленген тәртіппен расталған еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және одан еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
5) № 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері) беруіне болады.
Конкурсқа қатысу үшін қабылданатын құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде және Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-tabigi-resurstar, жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6, 3 қабат, әкімшілік бөлімі (306 каб.) мекен-жайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалар тізімі анықталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде конкурсқа қатысушылар әңгімелесуді Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасында өтеді.
Анықтама телефоны: +7 778 926 79 78