Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды жария талқылау өткізілді.
Жария талқылауға Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Сәменбекұлы Мықтыбеков, қоғамдық бірлестіктің мүшесі "Шымкент қаласының дзюдо федерациясы" Вице-президенті Алтынбек Оразбекұлы Абаев және жұмысшы тобымен жария талқылау өткізілді.
Жария талқылауда, жүргізілген іс-шараның маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне әкелетін өзекті мәселелерді шешу, алдын-алу мақсатындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап жауапкершілікпен қарау ескертілді.