«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқарма басшысының 2025 жылғы 7 сәуірдегі №271 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 19 мамырдан бастап жария талқылау басталатынын хабарлаймыз.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу үшін, ұсыныстар мен пікірлер болған жағдайда, Басқармаға келу арқылы немесе әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы ұсыныстар келтіруге болады. (Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Мәделі Қожа 1А. байланыс телефоны: 8(7252) 36-51-52, +7 775 714 51 77;
Эл почта: kadr_sport@mail.ru