«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері
бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының
(ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай
жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы»
Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 12 қарашадағы
№ 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулыны Шымкент қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков