ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Хабарландыру!

 

«Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы бекітілген «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» №725 бұйрығына сәйкес «Шымкент қаласында ату (стенд және оқ ату) бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті таңдау бойынша ашық конкурс туралы хабарлайды.

МЖӘ түрі: сервистік шарт.

Жоба мерзімі: 2024-2034 жж.

 Жобаның мақсаты:

Шымкент қаласында ату (стенд және оқ ату) бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану (қызметтер көрсету) және Шымкент қаласы халқының дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартылу деңгейін арттыру жолымен бұқаралық спорт және дене шынықтыру түрлерін дамыту.

Шығындарды өтеу және кіріс алу көздері: операциялық шығындарды өтеу және көрсетілетін ақылы қызметтерден түсетін кірістер.

Конкурсқа Заңның 32-бабында көзделген олардың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын барлық әлеуетті жекеше әріптестер қатыса алады.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, 1А ғимарат мекен-жайы бойынша сағат 9:00 ден 13:00 ге дейін және 15:00 ден 19:00 ге дейін «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесі тегін беріледі.

Әлеуетті қатысушылар конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ конверттерге салынған біліктілік іріктеуге арналған құжаттарды көрсетілген мекенжай бойынша қолма-қол  және мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы 2024 жылғы «16» ақпанда Астана қаласының (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша сағат 18: 00-ге дейін ұсынады.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, 19 ғимараты, «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мекенжайы бойынша 2024 жылғы «1А» ақпанда Астана қаласы (Қазақстан Республикасы) уақытымен сағат 10: 00-де жүзеге асырылады.

Толығырақ ақпаратты басқармадан алуға болады, байланыс телефоны: +7 (7252) 36-51-53, электрондық пошта: s.shymkentsport@shymkent.gov.kz