МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ

Бүгін Тараз қаласында медицина қызметкерлері арасындағы республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған ақ халатты абзал жандар арасындағы дода тартысқа толы болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте 118 ұпаймен Түркістан облысы жеңімпаз атанса, 2-орын жарыс қожайыны Жамбыл облысында (110 ұпай), ал үздік үштікті Шымкент қаласы (107 ұпай) түйіндеді.

Жеңімпаз және жүлдегерлерді марапаттау рәсімін Спортты дамыту дирекциясы бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру басқармасының басшысы Ғазиз Серікбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Хамит Мурзақасымов жүргізді.

🔰Спорт түрлері бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған құрамалар:

⚽️Шағын футбол:
I орын: Түркістан облысы
II орын: Жамбыл облысы
III орын: Шымкент қаласы

🏐Волейбол:
I орын: Жамбыл облысы
II орын: Шымкент қаласы
III орын: Түркістан облысы

🏊🏻Жүзу:
I орын: Жамбыл олысы
II орын: Түркістан облысы
III орын: Шымкент қаласы

🏓Үстел теннисі:
I орын: Жетісу олысы
II орын: Түркістан облысы
III орын: Шымкент қаласы

🎱Бильярд:
I орын: Түркістан облысы
II орын: Жамбыл облысы
III орын: Жетісу облысы

Сонымен қатар, ҚР Медицина қызметкерлері арасындағы Республикалық спартакиаданы ұйымдастырып, өткізуге үлес қосқаны үшін Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының арнайы алғыс хатымен Хамит Саттарқұлұлы, Даулет Хамитұлы, Гаухар Жұмабайқызы, Ақерке Садатқызы және Азамат Әбдіжапарұлы марапатталды