ШЫМКЕНТТІК КАРАТИСТ СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ (АҚШ)!

ШЫМКЕНТТІК КАРАТИСТ СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ (АҚШ)!

Америка Құрама Штаттарының Бирмингем қаласында өтіп жатқан каратэден Дүниежүзілік ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Софья Берульцева жеңімпаз атанды!

Қазақстандық спортшысы 68 килограмнан астам салмақта өз шеберлігін көрсетіп, алтын медальга ие болды.

Финалда Софья Берульцева испандық Мария Торрес Гарсияға қарсы татамиге шықты.

Турнирге әлемнің мықты каратистері ғана келген!

Еске сала кетейік, Софья Берульцева 2021 жылы Жапонияда өткен XXXII-жазғы Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері атанған.