ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ЖАҢА ВЕЛОСИПЕДҚА ИЕ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ЖАҢА ВЕЛОСИПЕДҚА ИЕ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ЖАҢА ВЕЛОСИПЕДҚА ИЕ БОЛДЫ.

Шымкентте велосипед спортымен айналысатын спортшылар үшін жаңа кәсіби велосипедтер сатып алынды.

Барлығы 86 кәсіби велосипед сатып алынды, оның ішінде:
Велосипед (тас жол) - 51 дана.
Велосипед (маутинбайк) - 29 дана.
Велосипед (трек) - 6 дана.

Шымкент қаласының №2 олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары бүгін ресми түрде жаңа спорттық құрал-жабдықтарды алады.

Спорт мектебінде спорттың 3 түрі дамуда: жеңіл атлетика, велоспорт және президенттік көпсайыс. Шұғылданушылар саны 676 оқушы, оның ішінде 23 Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер және 10 спорт шебері бар, спортшыларды 49 жаттықтырушы даярлайды.

Велосипед
спорты-Олимпиадалық спорт түрі болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда велоспорттан төрт ұлттық құрама команда ұйымдастырылды:
1. тас жолдағы Велосипед спортынан
2. велосипед спорты бойынша тректе
3. маунтинбайк бойынша (арнайы трассада тау велосипедтерімен жарыс)
4. әйелдер құрама командасы.

Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Шымкент қаласында велосипед спортын дамыту және танымал ету болып табылады.

Марапаттау рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы қатысып, спортшыларды құттықтайды.