ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ТАҒЫ БІР ОЛИМПИАДА ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ТАҒЫ БІР ОЛИМПИАДА ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ

22 маусымда Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық рейтингке сәйкес, Токио олимпадасына жолдама алған дзюдошылар тізімін жариялады.

Оған сәйкес, Шымкент қаласының спортшысы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах 48 келіде лицензияға иелік етті. Спортшы олимпиадалық рейтингте тиісті ұпай жинаған.

Отгонцэцэг Галбадрах – әлемдегі үздік дзюдошылардың бірі. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Әлем чемпионатының және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Сонымен, Шымкент қаласы спортшыларының қоржынында 11 Олимпиада жолдамасы бар.

Стенд ату – Сәрсенкүл Рысбекова, Зоя Кравченко
Оқ ату – Юрий Юрков
Бокс – Закир Сафиуллин
Каратэ – Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева
Байдарка және каноэда есу – Сергей және Тимофей Емельяновтар
Көркем гимнастика – Алина Әділханова
Дзюдо – Отгонцэцэг Галбадрах