ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫ СЕВАРА НИШАНБАЕВА БІШКЕКТЕ (ҚЫРҒЫЗСТАН) ӨТКЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫ СЕВАРА НИШАНБАЕВА БІШКЕКТЕ (ҚЫРҒЫЗСТАН) ӨТКЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

2021 жылғы 6-9 сәуір аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) дзюдодан Азия Чемпионаты өтуде.
2021 жылдың 6 сәуірінде шымкенттік дзюдошы Севара Нишанбаева 57 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
"Газпром — детям" спорт кешенінде өтіп жатқан турнир аясында ерлер мен әйелдер арасында барлығы 15 медаль жиынтығы ойнатылды.
Қырғыз Республикасының астанасында 30 мемлекеттен 215 татами шебері (122 ер адам және 93 әйел адам) жиналды, Қазақстаннан17 дзюдошы. 

Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары:
Ерлер: Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Елдос Жұмаханов (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Дидар Хамза мен Руслан Мұсаев (81 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Айбек Серікбаев (100 кг) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).
Әйелдер: Отгонцэцэг Галбадрах және Абиба Абужакинова (48 кг), Ғалия Тынбаева мен Нұрсұлу Ералиева (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Иоланта Бердібекова (63 кг), Зере Бектасқызы (70 кг) және Камила Берликаш (+78 кг).