
Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатында шымкенттік балуан Дияр Аманәлі финалға жолдама алды.
🔷 Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінен сынға түскен Дияр жоғары деңгейдегі шеберлігі мен қайсарлығын көрсетіп, барлық қарсыласын жеңіп шықты. Ол алғашқы белдесуінде Грекия өкілі Николас Зинисаны айқын басымдықпен ұтып, кейін ресейлік Эдем Пазиевті 3:1 есебімен жеңді. Ширек финалда Грузия балуаны Гиорги Кеделидзені 2:1 есебімен тізе бүктірсе, жартылай финалда Болгария спортшысы Данимир Иордановтан басым түсіп, әлем чемпионатының финалына шықты.
🔷 Енді Дияр ертең кешкі сессияда алтын медаль үшін Мажарстан өкілі Кеве Ковачпен белдеседі.
Шымкент қаласының намысын абыроймен қорғап жүрген жерлесімізге сәттілік тілейміз! Алтын жүлде бұйырсын!