ШЫМКЕНТ — ЖЫЛДАМДЫҚ АЛАҢЫ: ГУСМАН ҚОСАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛ АЯҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ — ЖЫЛДАМДЫҚ АЛАҢЫ: ГУСМАН ҚОСАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛ АЯҚТАЛДЫ

Қалада Орталық Азиядағы ең беделді жеңілатлетикалық жарыстардың бірі саналатын және World Athletics Continental Tour Bronze сериясына кіретін XXXV Халықаралық Гусман Қосановты еске алуға арналған мемориал өз мәресіне жетті.

Екі күн бойы стадионның жүгіру жолақтарында 11 елден келген үздік спортшылар жүлделер мен рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынады. Жарыс қожайындарының арасында ең үздік нәтижені шымкенттік жеңіл атлет Ақбілек Құралбай көрсетіп, 5000 метрге жүгіруден алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының өзге де өкілдері жоғары нәтиже көрсетті. Аделина Земс 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде үздік атанды. Аяна Болатбекқызы 1500 метр қашықтықта алтын, ал 800 метрде қола медаль иеленді. Мария Ефремова үш қарғып секіруден жеңіске жетсе, Ефим Тарасов 400 метрге жүгіруде қарсыластарына мүмкіндік қалдырмады. Ал Рамазан Шайев 800 метрлік жарыста мәреге бірінші болып жетті.