
Шахматтан Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары жоғары деңгейде өтті. Дәстүрлі спорттық додаға еліміздің 17 облысынан келген 68 үздік спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған жарыстың жекелей рапид бағдарламасында Жұмабек Нұрасыл сәтті өнер көрсетіп, қола медальді жеңіп алды. Бұл нәтиже спортшының табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жемісі болды.
Жұмабек Нұрасылдың жетістігі өңір спортының дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады. Спортшыны жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз.