Фетих кубогында садақшылар ел мерейін асқақтатты

Фетих кубогында садақшылар ел мерейін асқақтатты

Түркияның Стамбул қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан халықаралық Фетих кубогында қазақстандық спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Аталған жарыста спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.

Жамбы нысана бойынша сынға түскен Күлмирзаев Жәнібек барлық қарсыластарынан басым түсіп, І орын иегері атанды.Халықаралық додада үздік атану арқылы ол Қазақстанның дәстүрлі садақ ату спортындағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сонымен қатар, қалқан нысана бойынша өнер көрсеткен Жаппар Сабира да жоғары шеберлік танытып, ІІІ орынды иеленді. Бұл жетістік спортшылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

Фетих кубогы – дәстүрлі садақ ату спорты бойынша әлемнің көптеген елдерінен мықты мергендер жиналатын беделді халықаралық жарыстардың бірі. Мұндай додада жүлделі орындарға қол жеткізу – үлкен жетістік әрі зор жауапкершілік.