
Гонконг қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U20 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Шымкенттік спортшы Максим Сажнев тарихи жетістікке қол жеткізді. Диск лақтыру сайысында 60,45 метр нәтиже көрсеткен ол барлық қарсыластарын артта қалдырып, Азия чемпионы атанды.
Бұл нәтиже Максим Сажневтің жеке рекорды ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының U20 жас санатындағы жаңа рекорды ретінде тіркелді. Осылайша жас спортшы ұлттық құрама қоржынына чемпионаттағы алғашқы алтын медальді салып, ел абыройын асқақтатты.